Оқиға Минхан ауданында, Цисинь көшесі мен Лянь-роуд жолдарының қиылысында болған. БАҚ мәліметінше, шөгу жақын маңдағы құрылыс алаңына байланысты туындаған болуы мүмкін. Жол астында метро желісі салынып жатыр. Бұл аумақта бұған дейін жерасты суларының ағысы тіркелген, бұл эрозияға және опырылуға себеп болған болуы ықтимал.
Жергілікті билік органдары оқиға салдарынан ешкімнің қаза таппағанын және жарақат алмағанын мәлімдеді. Оқиға орны қоршауға алынып, көлік пен жаяу жүргіншілер үшін уақытша жабылды. Қытай теміржол тоннельдері басқармасы құрылысы жалғасып жатқан «Цзяминь» желісі маңында шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады mir24.tv.
Осыған ұқсас оқиға Шанхайда 2024 жылдың қаңтар айында да болған. Ол кезде құбырдың жарылуы салдарынан жол шамамен 10 метрге шөгіп кеткен. Мамандардың айтуынша, 2017–2023 жылдар аралығында Қытайда пайда болған шұңқырлардың шамамен 70 пайызы адам қызметімен байланысты, деп хабарлады Lokmat Times.