Қытайдың Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған шараға осы елдегі бірқатар жетекші сауда, өндіріс, логистика және сақтандыру компаниялары және Шанхай қаласында орналасқан шет мемлекеттері консулдықтарының өкілдері қатысты.
Форум аясында еліміздің Шанхай қаласындағы Бас консулдығы республикамыздың экспорттық және транзиттік әлеуетін көрсетті. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Өзбекстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы, екі елдің өңірлері арасында орнатылған тікелей ынтымақтастықтың болашағы туралы да мәліметтер берді.
Өз кезегінде, сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту және қолдап-қуаттау, көлік мәселелері жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды «Дуне» АА.