Шараф Рашидов ауданында «Жаңа Өзбекстан» массиві бой көтеруде

    Президент Шавкат Мирзиёев Жызақ облысының Шараф Рашидов ауданында салынып жатқан «Жаңа Өзбекстан» массивіндегі жұмыстармен танысты.

    Бұрын облыста мұндай ауқымды құрылыстар болмаған. Соңғы жылдары ондаған зауыттар іске қосылды, жаңа өндірістер пайда болды. Соған сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым да салынуда.

    Шароф Рашидов ауданына қарасты бұл жер қырат болып, дерлі бұл жерден пайдаланылмайтын еді. Қазір 140 гектар үлкен аумақтың құрылысы жүріп жатыр. Жоба үш кезеңді, 3936 пәтерлік 105 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Үйлер 9, 12 және 16 қабаттан тұрады, бұл да Жызақ жағдайындағы жаңалық.

    Қазіргі уақытта бірінші кезең аясында 204 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй, орталық қазандық, шоурум және ішкі жолдар салынған. Тағы 16 тұрғын үй, мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемесі, сауда орталығы салынады. «Инно техно парк» халықты жұмыспен қамтуға көмектеседі.

    Екінші кезең 2026 жылға, үшінші кезең 2028 жылға жоспарланған. Мұнда тұрғын үйлерден бөлек, аудан орталығы, емхана, мешіт, қонақ үй, балалар және спорт алаңдары, «Жаңа Өзбекстан» саябағы салынады. Сондай-ақ бос жатқан жерлерге ағаштар отырғызылып, аллеяға айналдырылады.

    Мемлекет басшысы биылғы жылы жоспарланғандарға қосымша үйлер салып, тұрғындарға жеңілдікті ипотекалық несие арқылы сатып алу мүмкіндігін жасауды тапсырды. Сәйкесінше, инфрақұрылым желілерін, мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік мекемелерді, сауда және қызмет көрсету нысандарын, соның ішінде жол бойындағы асханалар салуды жеделдету маңыздылығы атап өтілді.

    Жызақ облысында дәл осындай үш массив салынып жатыр. Оларда 4700 пәтерлік 156 көпқабатты үй салаынады. Тұрғындар барлық әлеуметтік қызметтермен қамтылады. Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы жарлығына сәйкес «Жаңа Өзбекстан» массивтерін салу басталған. Жалпы, республикада 53 массивте құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 14 400 пәтерлік 409 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Биылғы жылы мұндай массивтерде 31 мың 447 пәтерден тұратын 767 тұрғын үй салу жоспарланған.