Шавкат Мирзияев 80,1 пайыз дауыс жинады

    Сайлау 25 Oktabr 2021 905

    Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз орталығында ОСК төрағасы Зайниддин Низомхуджаев Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауының алғашқы нәтижелерін жариялады.

    Айтылуынша, Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауы халықаралық өлшемдер мен стандарттарға сай ұлттық сайлау заңдылығымызға, онда белгіленген ашықтық, жариялылық, еркіндік пен әділеттілік түрде жалпымойындалған демократиялық қағидаттарға сай, көтеріңкі көңіл күйде өткізілді.

    Алғашқы мәліметтерге қарағанда, Өзбекстан Республикасы Президенттігіне сайлауға арналған барлық сайлау учаскелерінде бюллетендер саналды.

    Саяси партиялар тарапынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне ұсынылған кандидаттар сайлаушылардың төмендегі дауыс санын алды:

    Өзбекстан «Адолат» социал-демократиялық партиясынан кандидат Бахром Абдурахимович Абдухалимов – 3,4%;

    Өзбекстан Экологиялық партиясынан кандидат Нарзулло Наимович Обломурадов – 4,1%; Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан кандидат Алишер Келдиевич Қодиров – 5,5%;

    Өзбекстан Халықтық демократиялық партиясынан кандидат Максуда Азизовна Варисова - 6,6%;

    Кәсіпкерлер мен іскерлер қозғалысы – Өзбекстан Либералдық-демократиялық партиясынан кандидат Шавкат Миромонович Мирзияев – 80,1%;

    24 октябрьдегі сайлауда Кәсіпкерлер мен іскерлер қозғалысы - Өзбекстан Либерал -демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Шавкат Мирзияев 80,1% дауыс жинады.

    Сайлаушылардың тізіміне кіргізілген 20 миллион 158 мың 907 сайлаушылардың Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауына шетелдерде дауыс берген отандастарымызбен бірге есептегенде 16 миллион 212 мың 343 сайлаушы қатысты.

    Бұл сайлаушылар жалпы санының 80,4 пайызын құрайды. 421 мың 176 сайлаушы осы жылдың 14 октябрінен 20 октябріне дейін өткен мерзімінен бұрын дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates