Мемлекет басшысы Сырдария облысындағы өнер мектебіне барды

    Билік 7 Aprel 2023 6647

    Президент Шавкат Мирзиёев Гүлістандағы Халима Худойбердиева атындағы өнер мектебіне барды.

    Мемлекет басшысының бастамасымен республиканың әр өңірінде жастардың мақтаныш сезімін оятатын көптеген істер атқарылуда. Мысалы, Ташкентте Абдулла Қадыри, Нөкіс қаласында Ибрайым Юсупов, Қаршыде Абдулла Арипов атындағы 9 шығармашылық мектептері ашылды.

    Сырдария облысында жастарға үлгі болатын атақты тұлғалар көп. Солардың бірі – Өзбекстанның халық ақыны Халима Худойбердиева. Ол өзінің талантымен, терең көркем-философиялық өлеңдері, публицистикалық шығармаларымен өзбек әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан.

    Шавкат Мирзиёев 2019 жылы Сырдария ауданына сапары кезінде марқұм ақынның есімін мәңгілікке қалдыру және дарынды жастарға жағдай жасау мақсатында шығармашылық мектеп ашу туралы ұсыныс жасаған еді. Содан кейін Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің тиісті қаулысы қабылданып, осы оқу орны сол жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

    Сапар барысында Президент мектептің кіреберісіндегі Халима Худойбердиеваның мүсініне гүл шоғын қойды. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған тамаша мұражайды аралады. Оқушылар Халима Худойбердиеваның өлеңдерінен үзінділер оқыды.

    Шығармашылық мектебінде жалпы білім беретін пәндермен қатар ана тілі мен әдебиеті тереңдетіліп оқытылады. Қазір 7-11 сыныптарда 180 дарынды ұл-қыз білім алуда. Оқу бөлмелері, информатика кабинеті, зертхана, спорт зал, жатақхана заманауи үлгіде жабдықталған. Мектеп кітапханасында 3500-ден астам көркем әдебиет бар.

    Ұстаздар және зиялы қауым өкілдерімен болған сұхбатта білім сапасы, саладағы реформалар жайында сөз болды.

    – Бірінші күннен бастап білім сапасын арттыруға, ұстаздардың мәртебесі мен беделін көтеруге күш салып жатырмыз. Біз бұл нормаларды Конституцияға да бекітудеміз. Көріп тұрсыздар, заман қиындап барады. Біз бұл бәсекеге қашан лайық боламыз? Білімді болсақ. Сондықтан білім мазмұнын реформалап, жастарға жағдай жасап жатырмыз. Уақыт өтеді, айнала өзгереді. Бүгінгі іргетастың жемісін халқымыз міндетті түрде көреді. Жастарымыздан әлі талай Бұхарилер, Берунийлер, Ұлықбектер шығады, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Шығармашылық мектептерді жоғары оқу орындарына біріктіру, олардың облыс мектептерімен байланысын кеңейту, дарынды жастардың кітаптарын шығару жөнінде тапсырмалар берілді.

    Осымен Президенттің Сырдария облысына сапары аяқталып, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates