Мемлекет басшысы тәуелсіздік қарсаңында бір топ азаматтарды орден, медальмен марапаттады

    Билік 30 Avgust 2022 10489

    Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлықларына сәйкес, еліміз тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай көптеген отандастарымыз құрметті атақ, орден, медальмен марапатталды. Сондай-ақ, Өзбекстан мен ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін бір топ шетел азаматтары «Достық» орденімен наградаланды.

    30 тамызда «Куксарой» резиденциясында марапаттау рәсімі өтті.

    Президент Шавкат Мирзияев қатысушыларды Тәуелсіздік күні және марапатымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

    – Мемлекетіміздің жоғары наградаларын сіздерге табыстау мен үшін де үлкен мәртебе. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызды, награда алып жатқан жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймын, – деді Шавкат Мирзияев.

    Осы күндері халқымыз сүйікті Еліміздің Тәуелсіздігінің 31 жылдығын үлкен қуанышпен қарсы алуда. Ата-бабамыз осыны жүздеген жылдар бойы армандап, еркіндікке ұмтылған. Тәуелсіздікке қол жеткізу – еліміздің өмірі мен тағдырына түбегейлі өзгерістер енгізген ұлы оқиға. Бұл идея, осы рух халқымызға қашанда таудай тірек болған.

    Бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, орасан зор жоспарлар мен бағдарламалар жүзеге асуда. Президент марапатталғандарды осы реформалардың бастамашылары, жаңа Өзбекстанды қалыптастырушылар деп атады.

    – Отанның дамуы, халықтың әл-ауқаты үшін қызмет ететін азаматтар ешқашан кем болмайды. Бүгінгі таңда сіздердің игілікті де ерен еңбектеріңізді халық та, мемлекетіміз де жоғары бағалап отыр. Барлығы сіздерге әуестене қарайды, – деді Елбасы.

    Соңғы уақытта дүниенің қауіптілігі артып, бәсекелестік күшейіп, экономикалық қарым-қатынаста үзілістер болып жатқаны жайлы пікір айтылды.

    – Осындай қиын жағдайда жеті рет емес, жетпіс рет өлшеп әрекет етуіміз керек. Біз сыртқы саясатымызды Өзбекстанның мүддесін қамтамасыз ету ғана мақсатымыз болатындай етіп жасап жатырмыз. Біздің мақсатымыз – халқымыздың көңілінен шығу. Ол үшін мүмкіндіктерді тиімдірек пайдалануымыз, жалпақ тілмен айтсақ, бәрін үнемдеп, жоғын жасау арқылы өмір сүруіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Бүгінде халқымыз бір жұдырықтай берік. Әркім өз саласы бойынша еліміздің дамуына үлес қосуда. Біздің құрметті ардагерлеріміз үлкен өмірлік тәжірибесімен жол көрсетуде. Белсенді кәсіпкерлер, диқандар мен фермерлер, жұмысшы-инженерлер еліміздің дамуына теңдессіз үлес қосуда. Ғылым, білім, медицина, мәдениет, әдебиет пен өнер, спорт саласының өкілдері еліміздің зияткерлік және рухани әлеуетін көтеру жолында жанқиярлықтың үлгісін көрсетуде.

    Махаллаға келіп, мекенжай бойынша жұмысты ұйымдастыру мемлекеттік органдар қызметінің критерийіне айналды. Бұл реформаларды махалла белсенділері қолдап отыр. Қыз-келіншектер еліміздегі демократиялық үдерістер мен халықтық реформалардың белсенді және бастамашыл қатысушыларына айналуда.

    Халқымыз өмірдің мәнін балаларынан көреді. Осындай қамқорлықпен өскен жастарымыз бүгінде барлық салада озық, еліміздің нағыз тірегі болып алаңға шығуда.

    Ержүрек, батыр әскерилер еліміздің шекарасын қорғау, ел-жұрт тыныштығы мен бейбітшілігі сақтау жолында аянбай қызмет етуде.

    – Мен сіздерді ең жақын әріптестерім, жолдастарым деп есептеймін. Біз бәріміз бірлігіміз жарасқан, адал еңбек етіп, жаңа Өзбекстан құрап жатқанымызды мақтан тұтамыз. Біз өз халқымызға, сіздей қайсар да жігерлі жерлестерімізге сеніп үлкен мәрені көздедік. Біз үшін бір ғана тура жол, бір мақсат бар: ол да болса көпұлтты халқымыздың, Өзбекстанымыздың мүддесі үшін қызмет ету. Баршаңызға осы сәтті жолда сәттілік пен жеңістер тілеймін, – деді Шавкат Мирзияев.

    Осыдан кейін Мемлекет басшысы марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.

    – Кез келген марапат – ең алдымен ұлттың құрметі, Отан сенімі. Бүгін кеудеңізде жарқыраған орден және медальдар баршаңызға бұйырсын, сіздерді жаңа жетістіктер мен белестерге бастасын. Әрқашан осындай бақытты күндеріміз көп болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз әрқашан ашық болсын, – деді Президент.

    Марапатталғандар жоғары ілтипат үшін Мемлекет басшысына алғыстарын білдірді.

    Салтанатты шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, әйелдер мен жастар қатысты.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates