Мемлекет басшысы Алмалық қаласындағы әлеуметтік мекемелердің жағдайымен танысты

    Билік 22 Dekabr 2021 5411

    Мемлекет басшысы Алмалық қаласындағы мамандандырылған мектеп пен отбасылық емхананың жағдайымен танысты.

    Алмалық қаласындағы 20-мамандандырылған орта мектепте математика, ана тілі, ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

    Оқу орны үш қабаттан тұрады және 1500-ден астам оқушыға арналған. Биыл мектеп ғимараты толық жөндеуден өтіп, онда 46 оқу кабинеті, 3 зертхана және ғылым кабинеттері заманауи үлгіде жабдықталған.

    Мемлекет басшысы мұндағы жасалған жағдаймен танысып, мектеп оқушыларымен сұхбаттасты.

    – Әр бір сәт – байлық. Осы байлықты пайдалана отырып, терең білім алу керек. Міне, біз Алмалық зауытының қуатын арттырып, жаңа зауыттар салып жатырмыз. Оларда кім жұмыс істейді? Сіз! Біздің барлық реформаларымыздың негізі мен сенімі – білімді жастар, – деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы осы сапар барысында Алмалық қаласындағы отбасылық емханада болды.

    Емхана 1989 жылы салынып, 2017 жылы күрделі жөндеуден өткен. Сондай-ақ Алмалық қаласының жедел жәрдем бөлімі, орталық аурухана, балалар ауруханасы, көпсалалы орталық емхана бар. Бұл медициналық қызметтің сапасы мен тиімділігінің маңызды факторы болып табылады.

    Президент сұранысы жоғары бағыттардың санын ауданаралық деңгейге түсіріп, халыққа қызмет көрсетуді жақындатып, мұқтаж азаматтардың денсаулығын үнемі қадағалап, адамдық қадір-қасиетті іс жүзінде көрсету керектігін айтты. Осы мақсатта Ташкент облысында үш жылдық медициналық бағдарлама әзірлеу міндеті қойылды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates