Имам Бұхаридің рұхына құран оқылып, дұға жасалды.

Мемлекет басшысы кешеннің құрылысын аралап көрді. Мұнда 10 мыңға жуық намазханға арналған мешіт, төрт мұнара бой көтеруде.

Кесененің оң жағында жер асты галереясы салынып жатыр. Мұнда келушілер ғұламаның бейітін көру мүмкіндігіне ие болады. Кесене кескіндеме және каллиграфия өнері негізінде әшекейленбек. Оның қабырғасына Құран сүрелері мен хадистері көне үлгіде жазылады.

Кешеннің жанында қонақүйлер, автотұрақтар, автовокзал, асханалар, дүңгіршектер, дәретханалар, бордақылау орны салынады.

Мемлекет басшысы бұл жұмыстарды сапалы тұрғызып, көптеген зияратшыларға заманауи жағдай жасауды тапсырды.

Президент Хәзірет Хизр кешеніндегі Тұңғыш Президент Ислам Каримовтың кесенесінде зиярат етті.