Исламабад әуежайында мемлекет басшысын Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Имран Хан қарсы алды.

Сапар бағдарламасына сай, бүгіннің өзінде жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Онда Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, сауда, инвестиция, өнеркәсіптік ынтымақтастық, көлік, логистика, инфрақұрылым және туризм салаларындағы практикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылады. Тараптар халықаралық және аймақтық үдерістер бойынша пікір алмасады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен декларация мен бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланған.

Сапардың екінші күні Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Ариф Алви және елдің жетекші компания басшыларымен кездесу өткізеді.