Шавкат Мирзияев Мұхаммед бен Заид Әл Нахайонды құттықтады

    Билік 14 May 2022 4186

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары, Әбу-Даби Әмірлігінің тақ мұрагері шейх Мұхаммад бен Заид Әл Нахайянды ел Президенті болып сайлануымен құттықтады.

    «Сіздің соңғы жылдардағы Өзбекстан мен БАӘ арасындағы көп қырлы және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға қосқан баға жетпес тәжірибелік үлесіңіз бен назарыңызды атап өтуге қуаныштымын.

    Алдағы уақытта да бірлескен ұмтылыс пен тұрақты диалогтың нәтижесінде қарқынды дамып келе жатқан өзара сенім, жоғары құрмет пен өзара қолдау қағидаттарына негізделген серіктестігіміз одан әрі кеңейетініне сенімдімін», - делінген Мемлекет басшысының хатында.