Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

    Билік 6 Dekabr 2021 2824

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстанға мемлекеттік сапарының аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

    Әңгіме басында Мемлекет басшысы Елбасыны Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушының ерен еңбегін бағалаған бірінші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.

    Өзбекстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың терең ойластырылған саясатының арқасында бауырлас Қазақстан халқы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласында толағай табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

    Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға Мемлекет басшысының жеке үлесін жоғары бағалады. Бүгін одақтастық қатынастар туралы Декларацияға қол қою диалогты жандандыру процесінің заңды жалғасы болды.

    Кездесуде екіжақты және аймақтық ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Орталық Азияда саяси диалогтың жанданып, консультативтік кездесулер тетігі жолға қойылғаны, достық пен сенім атмосферасы қалыптасқаны айтылды.

    Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл мемлекеттік сапар елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

    Осы жүздесуден кейін Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне барды.

    Мұнда Назарбаевтың жұмыс кеңселері бұрынғы қалпында сақталған. Жиындар және урналистермен кездесулер өткен мәжіліс залында қазіргі Қазақстанның дамуына арналған экспозиция қойылған. Көптеген экспонаттар Қазақстанның шетелдік әріптестерімен сыртқы саяси қарым-қатынасы туралы баяндайды.

    Шавкат Мирзияев мұражаймен танысып, Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.