Президент Ферғана қаласында ашылған кәсіптік оқыту орталығының қызметімен танысты

    Билік 13 May 2022 5040

    Президент Шавкат Мирзиеев Ферғана қаласында ашылған кәсіптік оқыту орталығының қызметімен танысты.

    Оңтүстік Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі – KOICA мен серіктестікте ұйымдастырылған кешен электроника, ақпараттық технологиялар, автомобиль жасау, тігін, шаштараз және косметология сияқты сұранысы жоғары мамандықтар бойынша мамандарды даярлайды.

    Орталыққа барлық заманауи құрал-жабдықтар Оңтүстік Кореядан әкелінді. Оқыту да осы елдің бағдарламалары мен оқу құралдарына негізделген. Ол үшін 5 кореялық оқытушы шаұыртылған. Қазіргі кезде 240 адам дәріс алуда.

    Мемлекет басшысы оқу үдерісін қарап шығып, жастармен және қыз-келіншектермен әңгімелесті.

    – Оқу, ізденуге ешқашан кеш емес. Келіп, кәсіп үйреніп жатқаныңыз – болашағыңызға бей-жай қарамайтындығыңыздың белгісі. Бұл аздап қиын болады. Бірақ егер сіз өзіңізді, балаларыңыздың болашағын ойласаңыз, осыған құнтты болыңыз. Қиындық өтеді кетеді, сіз байлық жасап жасаудасыз, – деді Президент.

    Мемлекет басшысы кореялық оқытушылармен де әңгімелесіп, оларға алғысын білдірді.

    Осы уақытқа дейін мұндай орталықтар Ташкент, Самарқанд, Шахрисабз қалаларында болған. Ферғанадағы жаңадан ашылған орталық аймақ облыстарының тұрғындарына қызмет етеді. Алыстан келіп кәсіптік білім алушыларға жатақхана да салынған.