Шавкат Мирзиёев киіз үйлердің көрмесімен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев Нөкіс қаласындағы «Аққұс» кешенінде ұйымдастырылған киіз үйлер көрмесін тамашалады.

    Бұл туралы Мемлекет басшысы 2022 жылы облысқа сапары барысында тапсырма берген болатын. Соның негізінде елу гектардан астам аумақ абаттандырылып, көптеген бау-бақшалар бой көтерді. Ең үлкен отаудың диаметрі 42 метр, биіктігі 22 метр. Онда әкімшілік, ас үй және басқа бөлмелер бар. Мұнда түрлі мәдени шаралар мен форумдар өткізуге болады.

    Кешенде қарақалпақ, қазақ, түркімен, қырғыз, башқұрт сынды түркі халықтарының және Қарақалпақстан аудандарының отаулары ұйымдастырылған. Оларда туысқан елдеріміздің тарихы, мәдениеті, тұрмыс-салты көрсетілген.

    Мемлекет басшысы осынау киіз үйлерді аралап көрді.

    – Біздің тамырымыз, тағдырымыз бір. Осындай шараларды көбейтіп, фестивальдерді бірге өткізіп, халықтар достығын одан әрі нығайту қажет. Ұлттық қолөнерді көздің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпақ бойына сіңіру, осы бағытта шәкірттер дайындау, балаларға арналған ана тілінде кітап шығаруды кеңейту қажет, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Сондай-ақ саябақта жасанды көл, кіші арал және қонақ үй бар. Бұлар аз уақыт ішінде осы жерді туристік орындардың біріне айналдырды. Туристер отаулар, ұлттық киімдер, бұйымдарға үлкен қызығушылық танытуда.

    Осымен Президент Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанға сапарын аяқтап, Ташкентке оралды.