Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқына ант берді

    Билік 6 Noyabr 2021 17877

    Ташкент қаласында жаңадан бой көртерген Олий Мажлис Сенатының Үлкен залында қайта сайланған Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевті ұлықтау рәсімі өтіп, онда Мемлекет басшысы Өзбекстан халқына ант берді.

    Олий Мажлис палаталарының Өзбекстан Республикасы Президентінің инаугурациясына арналған салтанатты бірлескен отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы З.Низомходжаев мінберге Шавкат Мирзияевті шақырды.

    «Өзбекстан халқына адал қызмет етуге, республика Конституциясы мен заңдарын орындауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Өзбекстан Республикасы Президентіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!».

    Ант берiлгеннен кейiн Өзбекстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы З.Низомходжаев Шавкат Мирзияевті Өзбекстан Республикасының Президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтап, Президент куәлiгiн табыстады.

    Қазіргі сәтте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев мінберде баяндама жасауда.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates