Мұнда 6 мыңнан астам адам тұрады. 2 өнеркәсіптік кәсіпорны, 20-дан астам сауда және қызмет көрсету орындарында адамдар жұмыспен қамтылған.

Жақында аудандағы ішкі жолдар, табиғи газ, электр желілері жөнделді. Айналасы абаттандырылды. Мектеп пен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің келбеті жаңарып, жағдайы жақсарды.

Осы мектеп ауласында аудан белсенділерімен, зиялы қауым өкілдерімен шынайы сұхбат өтті.

– Мен Президент ретінде басқа облыстарға қарағанда көбіне Қарақалпақстанға келген екем. Алғашқы қадамнан-ақ түсіндік, төмен түссек, біріксек, әрекет етсек, өзгеріс жасауға болады екен. Соңғы жылдары Қарақалпақстанда үлкен жаңару болды. Ауыз сумен қамтамасыз ету жақсарып, мектепке дейінгі білім мен қамту артты. Көптеген үйлер салынды. Осындай өзгерістерді сіздердің махаллаңызда көріп қуандым, – деді Шавкат Мирзияев.

Ақсақалдар шілде айында болған оқиғаның үлкен қателік екенін, кейбір жастардың теріс жолға түсіп кеткенін айтты. Олар қарақалпақ пен өзбектің ғасырлар бойы біртұтас болып келе жатқанына тоқталып, халқымызға тыныштық пен амандық тілеп дұға жасады.

– Әрине, бұл бәрімізді алаңдатты. Бұл оқиғалар Қарақалпақстан халқының қалауы емес еді. Қарақалпақ халқының ар-ожданы таза. Халқымыз «ет пен тырнақтай». Ылайым, мұндай келеңсіздіктер болмасын, еліміз тыныш, бірлігіміз мәңгілік болсын», – деді Президент.

Осымен Мемлекет басшысы Қарақалпақстанға сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып оралды.