Шавкат Мирзияев: Қазақстан – біздің ең жақын әрі сенімді серіктесіміз

    Билік 22 Dekabr 2022 4371

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда келіссөз жүргізді.

    Кездесу басында Өзбекстан басшысы қазақстандық әріптесін және көп ұлтты Қазақстан халқын 16 желтоқсанда аталып өткен Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады.

    Мемлекет басшылары бұл келіссөздер Өзбекстан-Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын дамытуға жаңа күшті серпін беретініне сенім білдірді.

    Мемлекет басшысы Қазақстан Өзбекстанның ең жақын әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті.

    – Өзбек пен қазақ халқы жақын көрші ғана емес, ортақ тарихи мұрасы, мәдени-рухани құндылықтары байланыстырған бауырлас халық.

    Бұл біздің баға жетпес байлығымыз, біз оны бағалаймыз және ардақтауды жалғастырамыз. Біздің тағдырымыз бір, болашағымыз ортақ, мен оған сенемін, – деді Шавкат Мирзияев.

    Саяси, сауда-экономикалық, энергетика, ауыл шаруашылығы, су және басқа да салалардағы қарым-қатынастарды түбегейлі кеңейту мәселелері келіссөздердің басты тақырыбы болды.

    Соңғы алты жылда ынтымақтастықтың барлық салаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгені атап өтілді. Екі елдің үкіметтері, министрліктері мен ведомстволары, өңірлері арасындағы диалогтар тұрақты сипатқа ие болды.

    Мемлекеттер басшылары 5 миллиард долларға жуықтаған өзара сауда көлемі қарқынды өсіп келе жатқанын қанағаттанарлықпен атап өтті. Ірі кооперативтік жобалар сәтті жүзеге асуда.

    Аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасылып, Орталық Азияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Сондай-ақ, көпжақты құрылымдар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты бұдан кейін де жалғастыруға ұмтылыс берік екені баса айтылды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates