Өзбекстан Президенті референдумда дауыс берді

    Билік 30 Aprel 2023 5053

    30 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев отбасы мүшелерімен бірге Ташкент қаласының Мирзо Улугбек ауданындағы 59-шы референдум учаскесіне келіп, референдумда дауыс берді.

    Референдумда «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» конституциялық заң жобасы дауысқа қойылған. Бұл үдеріске бір жарым жыл бойы мұқият дайындалғаны белгілі. Конституциялық заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, халықтың пікірі зерделенді. Халықтан 220 мыңнан астам ұсыныс түскен. Олардың төрттен бірі жобадан орын алды.

    Осы ұсыныстар негізінде жаңартылған Конституция баптарының саны қазіргі 128-ден 155-ке, нормалар 275-тен 434-ке дейін ұлғайды. Яғни, Ата Заңның мәтінінің 65 пайызы халықтың ұсынысы негізінде жаңартылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе де ескеріліп, әр саланың жетілген мамандары мен сарапшылары тартылды.

    Конституция ел тұрақтылығы мен болашағының, адам мүддесінің құқықтық негізі. Азаматтар мұны терең сезініп, референдумға белсенді қатысуда.

    Бұл саяси үдерісті 45 елден және 14 беделді халықаралық ұйымнан барлығы 383 халықаралық байқаушы тікелей бақылап отыр. Жергілікті және шетелдік БАҚ кеңінен және ашық жариялауда.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates