«Пулково» халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Бүгін Мемлекет басшысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің бейресми саммитіне қатысады. Шараның күн тәртібіне ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері орын алған.