Өзбекстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

    Билік 10 Iyun 2021 2735

    Душанбе қаласындағы «Ұлт сарайы» резиденциясында Тәжікстанға ресми сапармен барған Өзбекстан Республикасы Президентін қарсы алу рәсімі өтті.

    Жоғары мәртебелі меймандв қарсы алуда құрметті қарауыл сап түзеп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Сонад кейін Президенттер ресми делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды.

    Қарсы алу рәсімінен кейін Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмонның шағын құрамда кездесуі басталды. Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен көпжақты ынтымақтастықтың барлық аспектілерін қарастыра отырып, саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды.

    Мемлекет басшысы Тәжікстанға сапармен келуге шақырғаны және жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

    - Біз қабылдаған шешімдердің барлығы орындалуда. Бұрынғы екіжақты қатынастарда көп нәрсе өзгерді. Мұны айқын сандардан да көруге болады. 2017 жылы тауар айналымы 70 миллион долларды құраған болса, 2020 жылы күрделі пандемиялы жыл болуына қарамай бұл көрсеткіш алғаш рет 500 млн долларға дейін өсті. Біз бұл сапарға өте мұқият дайындалдық. Аймақтық форум ойдағыдай өтті, жалпы құны 700 млн доллар болатын нақты жобалар мен келісімшарттарға қол қойылды. Мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы айтар болсақ, Тәжікстанда алғаш рет Өзбек киносының күндері сәтті өтті, ал жақын арада біздің елдеріміздің жастары Ферғана алқабында бас қосады, - деді Шавкат Мирзияев.

    Тәжікстан Президенті Өзбекстан Президентін шын жүректен құттықтап, бұл сапардың маңыздылығы жайлы айта отырып: - Өзбекстан - біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді көршіміз. Біз тәжік-өзбек қатынастарының бүгінде қарқынды дамып келе жатқанына қуаныштымыз. Сауда-экономикалық байланыстар кеңейіп, мәдени-гуманитарлық қатынастар нығайып келеді. Біздің елдеріміз аймақтық қауіпсіздік бойынша тығыз ынтымақтастықта болғанын атап өткен жөн. Бүгін мен сізбен қарым-қатынастарымыздың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылауға дайынмын, - деді Эмомали Рахмон.

    Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқының және жеке өзінің атынан бауырлас Тәжікстанды келе жатқан тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, бейбітшілік және өркендеу тіледі. Сонымен қатар Эмомали Рахмонды қолайлы уақытта Өзбекстанға ресми сапармен келуге шақырды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates