Мемлекет басшысы Душанбе қаласына барды

    Билік 16 Sentabr 2021 3603

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына барды.

    Әуежайдан Мемлекет басшысын Тәжікстан Премьер-министрі Қохир Расулзода және басқа да ресми кісілер қарсы алды.

    Бүгін Президент Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раиси және Пәкістан Ислам Республикасының Премьер -Министрі Имран Ханмен кездеседі.