Махалладагы мүмкіндіктерді пайдаланып, халықты жұмыспен қамту бүгінде мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілді. Бұл үшін ең қолайлы және кең таралған нұсқалардың бірі – үй шаруашылығын пайдалану.
Өзбекстан Республикасы Президентінің биылғы жылы 5 наурыздағы «Тұрғындардың үй шаруашылықтарында өнеркәсіп өндірісін қолдау және қожалықтар мен шаруа қожалықтарында жаңа резервтерді пайдалану шаралары туралы» қаулысында үлкен мүмкіндіктер айқындалды.
Мұндай факторды «Тұяқты» махалласында да байқауға болады. 678 шаңырақтың барлығында дерлік жер учаскесі бар. Олардың жалпы аумағы 36 гектарды құрайды. Жеміс ағаштары, жүзім және көкөністер жақсы өнім береді. 314 шаруашылықтың жылыжайында күріш дақылдары мен гүл көшеттері өсіріледі.
Мемлекет басшысы осы жердегі Абдумомин Каримовтің шаңырағында болды.
Үй қожалығының жері 12 сотық, оның 7 сотығында жылыжай орналасқан. Сонымен қатар, ірі қара шаруашылығы, тауық, ара өсіріледі. Үй иесі егін егіп, жылына 200 миллион сумнан астам табыс табатынын айтты.
– Орташа махалладағы мына қарапайым үй мысалында отбасының әрекеті болса, жақсы табыс табуға болатынын көрудеміз. Халықтың игілігіне берілген жер телімдері, оны пайдаланғысы келетін адамдар да аз емес. Тек оларға көмектесу керек. Мәселен, жергілікті кәсіпорындарды тартып, жылыжай құрылғылары, бал арасы ұялары, көшет, қоректік заттарды төмен бағамен жеткізу керек, – деді Шавкат Мирзиёев.
Президент осы жерде «махалла жетілігімен» сұхбаттасты. Мекен жайлардағы мүмкіндіктерді толық пайдалану арқылы отбасылардың табысы мен сатып алу қабілетін арттыру жайы сөз болды. Бұл олардың өмір сүру сапасына, денсаулығына, балаларының өсіп-жетілуіне әсер етіп, қоғамның дамуына үлес қосатыны айтылды.