Мемлекет басшысы Өзбекстандағы Түркия елшілігіне барды

    Билік 9 Fevral 2023 5833

    Президент Шавкат Мирзияев 9 ақпанда Түркия Республикасының Өзбекстандағы елшілігіне барды.

    6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығыс аймақтарында орын алған күшті жер сілкінісі бүкіл әлемді дүр елеңдетті. Өзбек халқы да апаттың зардабын жүрегіне жақын қабылдап, қатты қайғырып, жанашырлық танытты.

    Мемлекет басшысы сол күні-ақ бауырлас Түркия халқына және Президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты. Жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін Түркияға Өзбекстаннан бірнеше құтқарушылар тобы жіберілді. Сондай-ақ, гуманитарлық көмек жөнелтілімдері жүйелі түрде жүргізілуде.

    Осы қайғылы жағдайға орай Президент бүгін Түркия Республикасының Өзбекстандағы елшілігіне барып, бауырларымызға тағы да көңіл айтты. Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан марқұмдарға Алла өз панасына алуын, отбасына, жақындарына сабыр айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

    Өзбек пен түрік халықтары қашанда бірге болып, жақсылықта да, жамандықта да бір-біріне қолдау көрсеткен. Бұл достық, бауырластық, өзара қолдау қазіргідей қиын-қыстау кезеңде одан да айқын көрінеді.

    Мемлекет басшысы Өзбекстанның барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін айтты. Елшілікте ашылған көңіл айту кітабына жұбату сөздерін жазып қалдырды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates