Алдағы саммитте сауда, инвестиция, жасыл экономика, цифрлық технология, көлік және коммуникация, мәдени-гуманитарлық алмасуды қоса алғанда, Кеңес аясындағы көпқырлы қарым-қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланады. Сондай-ақ ұйымның қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырылады.
Саммит қорытындысына орай ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға және көпжақты әріптестікті нығайтуға бағытталған бірлескен құжаттар қабылданады деп күтілуде.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Ыстамбұлда бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.