Мемлекет басшысы Шейіттер аллеясына барды

    Билік 31 Avgust 2021 8788

    31 тамыз таңертеңнен Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы Шейіттер аллеясына барды.

    Онда жұртшылық ұлттық тәуелсіздік жолында қаза тапқан ата -бабаларымызды еске алуға жиналып, олардың рұхына құран оқылып, дұға жасалды. Жиналған жұртшылыққа ас тартылды.

    2001 жылдан бастап 31 тамыз «репрессия құрбандарын еске алу» күні ретінде аталып өтуде.

    Биыл Шейіттер аллеясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Репрессия құрбандарын еске алу мұражайының ғимараты қайта жөндеуден өтті.

    Мемлекет басшысы мұражайды аралап көрі, ондағы жасалған жағдайлармен, тарихи құжаттармен танысты.

    - Үлкен әлеуетке ие көшбасшылар, ғалымдар, жазушылар, дәрігерлер, мұғалімдер репрессияға ұшырағаны анық. Олар біздің халықтың ең жақсы өкілдері болды. Диктаторлық режимге ұлттың көзін ашып, оған өздігін ұқтыратын ақылды адамдар қажет емес еді. Олардың кінәсі – Қлы болғандығы, - деді Шавкат Мирзияев.

    Өкінішке орай, репрессия құрбандарының толық тізімі әлі жасақталмаған болатын. 2020 жылдың 8 қазанында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Қуғын-сүргін құрбандарының мұрасын одан әрі зерттеу мен олардың естеліктерін мәңгілікке қалдырудың қосымша шаралары туралы» Жарлығы қабылданды.

    Соған байланысты, тарихшылар шақыртылып, барлық езгі құрбандарының есімдерін анықтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс басталды. Шетелдегі мұрағат мен мұражайлар, кітапхана және қорлармен ынтымақтастық орнатылып, ғылыми экспедициялар ұйымдастырылады. Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ғылым академиясының және басқа да ұйымдардың мұрағаттарынан жаңа мәліметтер табылуда.

    Қарақалпақстан Республикасы және барлық аймақтарда қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейлер ашылды. Оларда ресми материалдармен қатар отбасылық мұрағатта сақталған көптеген тарихи құжаттар мен бірегей фотосуреттер жасақталуда. Облыстар мен аудандар репрессия құрбандарының есімдерін, олардың өмірі мен қызметі анықталуда. Осы мәліметтер негізінде «Репрессия құрбандары» атты көп томдық кітап баспаға дайындалуда.

    Мемлекет басшысы осындай көлемді, ғылыми еңбектермен қатар мектеп оқушыларына қарапайым тілде шағын кітаптар шығару қажеттігін айтты. Осы мақсатта Қарақалпақстан Республикасы мен облыстарға Тарих институтының ғалымдарын біріктіріп, әр аймақта қуғын -сүргін құрбандары болған жәдид ата-бабаларымыздың есімдерін қалпына келтіру тапсырылды.

    Мемлекет басшысы тарихты оқу мен оқытудың міндеттері туралы былай деді: - Қазірге дейін біз тарихтың өзімізге ұнайтын жерлерін алып, ұнамайтын жағын жасырдық. Біреуге ұнаса да, ұнамаса да, бұл біздің мақтанышымыз ба, ұмтылысымыз ба, сәттілік пе, сатқындық па, бәрін адал жазу қажет, - деді Президент.

    Ақиқат жолында жасалған тағы бір нақты қадам – ол осы жылдың 25 тамызында Өзбекстан Жоғарғы соты репрессия құрбандарының 115-ін ақтады. Президент бұл шешімді орынды деп бағалады.

    - Шамамен жүз жыл өткен соң әділдік орнады. Ұлттық тәуелсіздігіміз үшін күрескен, бірақ ақталмаған 115 бабамыздың есімдері таза ақталды. Тағы да мұндайлар қанша? Отансүйгіш жандардың абыройын қайтаруға бағытталған игілікті жұмысты жалғастыру қажет, - деді Шавкат Мирзияев.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates