Мемлекет басшылары бір-бірін жақындап келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, бауырлас халықтарға бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу тіледі.
Сұхбат барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды, ең алдымен, сауда, өнеркәсіптік кооперация, логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да басым салалардағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, көлік-транзит және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ірі өңірлік жобаларды жеделдетудің маңыздылығы атап өтілді.
Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары алдағы жоғары деңгейдегі үшжақты кездесу, сондай-ақ Самарқанд қаласында өтетін «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті мен Климат форумы аясындағы дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды.