Мемлекет басшысы Хорезм облысына барды

    Билік 22 Sentabr 2021 5406

    Президент Шавкат Мирзияев Қарақалпақстаннан Хорезм облысына барар жолда алдымен Амудария өзенінде салынып жатқан көпірдің құрылысын көзден кешірді.

    Жобаның құны 174 миллион долларды құрайды. Осы қаржы 80 шақырымдық теміржол мен Амудария үстіндегі ұзындығы 413 метр көпір құрылысына жұмсалады.

    -Бұл - көп жылдар бойы адамдар күткен жоба. Енді ол тағы да көптеген жылдар бойы халқымызға қызмет етуі тиіс. Сондықтан сапа бірінші орында. Бөлінген сома аз емес. Тәжірибелі мамандарды тартып, әр қырын ойлап, халқыма және елім үшін деп құру қажет, - деді Шавкат Мирзияев.

    Осы кездесуден кейін Президент Үргеніш қаласына қарай жол алды. Бүгін Шавкат Мирзияев Хорезм облысының сайлаушыларымен кездеседі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates