баннер
22 Mar 2025
21:50

    Президент Ташкент қаласындағы махаллада Наурыз мейрамына қатысты

    Өзбекстан түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтуде. 20 наурыз күні Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласының Бектемір ауданындағы Рахат махалласына барып, мерекелік шараға қатысты.

    Қызмет көрсету және сауда саласына маманданған бұл махаллада 4 мыңға жуық халық тұрады. Жұмыспен қамтудың жаңа жүйесі аясында банктердің қолдауымен жергілікті экономикалық мүмкіндіктер дамытылып жатыр. Өткен жылы 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылса, 256 тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 13 адам кәсіпкерлік қызметін бастаған. Сондай-ақ екі өндірістік кәсіпорын мен ондаған сауда және тұрмыстық қызмет көрсету орындары ашылып, халыққа қолайлы жағдай жасалды.

    Президент жаңа кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

    Махаллада көше инфрақұрылымы жаңарып, тұрғын үйлер абаттандырылған. Білім және медицина мекемелері, спорт алаңдары, оқу орталықтары, амфитеатр, қолөнершілер орталығы және ақпараттық-кітапхана орталықтары халыққа қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда, әсіресе, ақсақалдар орталығы ерекше жанданып, думанды басқосу алаңына айналған.

    Мемлекет басшысы ұйымдастырылған «сумалак» дайындауға қатысып, махалла белсенділері мен ақсақалдармен шынайы әңгімелесті. Кездесу барысында тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері сөз болды.

    – Махалланың жайнаған көркін, тұрғындардың көңіл-күйін көріп, шын жүректен қуанып тұрмын. Алдағы уақытта барлық аудандардың мүмкіндіктерін арттырамыз. Бұған ең алдымен бейбітшілік пен ынтымақ керек. Бұрын шекараларымыздағы жағдай қандай еді? Сабырлылық пен саяси ерік-жігердің арқасында барлық мәселелерді шешіп келеміз. Қазір елдегі 10 мыңға жуық махалланың жағдайы анық көрініп тұр. «Махалла жетілігі» жүйесі арқылы әрбір үйге дейін көмек жеткізілуде. Адамдардың табысын арттыру, кедейлікті қысқарту, жастар саясаты бойынша әлі де көп жұмыс күтіп тұр. Сондықтан ең бастысы – білімге көңіл бөліп, жас ұрпақты оқытуымыз керек. Білімі мен руханияты жоғары қоғам сөзсіз өркендейді, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Рахат махалласында жалпы білім беретін мектеп, балалар музыка және өнер мектебі, «Баркамол авлод» орталығы, академиялық лицей жұмыс істейді. Жақында жаңа мектепке дейінгі білім беру мекемесі пайдалануға берілді. Бұл да жастардың саналы әрі білімді болуына ықпал етеді.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech