Адамдардың банк карталарындағы ақшасын талан-таражға салудың алдын алу шаралары қабылданатын болады

    Бұл тәртіп туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің «Ақпараттық технологиялары көмегі арқылы жасалған қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі қызметті одан әрі күшейтуге бағытталған іс-шаралар туралы» қаулысында атап өтілген.

    Қаулымен жеке тұлғалардың банк карталарындағы ақшаларды ұрлауды тоқтату мақсатында банктер, төлем жүйесінің операторлары, төлем ұйымдарына заманалық антифрод пен антивирус қорғау жүйелерін енгізу және алаяқтар тарапынан жалған нөмірлер арқылы азаматтарға қоңырау шалуына техникалық шектеулер сияқты шаралар белгіленді.

    Биылдан бастап жыл сайын бір ай бойы «Кибермәдениетті жетілдіру айлығы» кешенді насихаттау айлығын өткізу және үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу арқылы халықтың цифрлық иммунитеті мен хабардарлығын арттырудың тұрақты жүйесі құрылатын болады.