Солтүстік аумақтарға ылғалды ауа массалары түседі деп күтілуде

    «Узгидромет» қызметі 22-25 октябрь күндері аралығында Өзбекстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

    Бүгін солтүстік облыстарға ылғалды ауа массаларының енуі күтілуде, соның салдарынан күндіз Бұхара, Науаи облыстарында, кешке Хорезм облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +24...+27 дәрежені, солтүстікте +12...+17 градус жылы болады.

    Ертең республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде жел 15-18 м/с күшейеді деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +15...+20 градусқа дейін төмендейді.

    Сәрсенбі және бейсенбі күндері республиканың оңтүстік және шығыс аумақтарында ғана жаңбыр жаууы мүмкін. Өзбекстанда ең қатты жаңбыр 25 октябрь күні болады деп болжануда.

    Ауа температурасы 23 октябрь түнде +8...+13 дәреже, күндіз +10...+15 дәреже, 24 октябрь түнде 5...+10 дәреже, күндіз +12...+. 17 дәреже, 25 октябрьде түнде +5 ...+10 градус, күндіз +14...+19 градус болады.

    22-25 октябрь аралығында республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында кей жерлерде жаңбыр жауады, +23...+25 градуыс, ал кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, соңы қарға айналуы мүмкін.

    Елордамызда: бүгін күн ашық және құрғақ ауа райы сақталады, ауа температурасы күндіз +25...+27 градус болады.

    Ертең кешке жаңбыр жауады. Жел 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +17...+19 градус болады. 23-24 октябрьде жаңбыр жаууы мүмкін. Жел 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. 23 октябрь ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +13...+15, 24 октябрьде түнде +8...+10, +15...+ 17 градус жылы болады.