Ширин энергетикалық колледжінің оқушылары «ACWA Power» жоғары оқу орындарында оқиды

    Білім 16 Noyabr 2023 1106

    Энергетика министрлігі мен “Жылу электр станциялары” АҚ жүйесіндегі Ширин энергетикалық колледжіне Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясының төрағасы Мухаммад Абунайян басшылығындағы делегация келді.

    Сапар аясында «ACWA Power» компаниясымен ынтымақтастықта Ширин энергетикалық колледжінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін жаңа жобаларды енгізу бойынша компания төрағасы оқушыларға ақпарат берді.

    Сондай-ақ, кездесу барысында колледждің бір топ дарынды оқушыларына Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

    Мәлімет ретінде, колледжде электромонтер, электр станцияларының жабдықтарын жөндеу бойынша слесор, дәнекерлеуші, ақпарат құралдары машиналары және компьютерлік желілер операторы мамандықтары бойынша білім беріледі, ал колледжді жоғары нәтижемен бітірген оқушылар “ACWA Power” компанияның жоғары оқу орындарында грант негізінде білім алуы мен болашақта жұмыспен қамтуды мақсат еткен, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.