Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
Айтылуынша, ел аумақтарына суық және ылғалды ауа массаларының енуі салдарынан табиғи газ тұтыну күрт артқан. Бұл магистральдық газ құбырларындағы қысымның төмендеуіне алып келген.
Мұндай жағдайда, ең алдымен, тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарын табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету басты міндет есептеледі.
Осыған байланысты, 10 наурыз күні сағат 16:00-ден бастап республика бойынша метан құю бекеттерінің қызметіне уақытша шектеу енгізілетіні белгіленген.
Қазіргі уақытта әлеуметтік сала нысандарына қызмет көрсететін және қоғамдық көлік үшін газбен қамтамасыз ету шектеусіз, тұрақты түрде жалғастырылатыны хабарланды.
Энергетика министрлігі туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұрады.