Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.

Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 12 пайызға көтеріледі.

Ол төмендегі мөлшерде анықталады:

еңбек ақы  төлеудің ең төменгі мөлшері - айына 920 000 сум;

базалық есептеу мөлшері – айына 300 000 сум.

Медицина мекемелері медициналық, фармацевтикалық және басқа қызметкерлердің айлық жалақысы көтеріледі

Сонымен қатар:

медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер үшін:

жоғары және бірінші біліктілік санатқа ие болғандар үшін – 15%-ға;

екінші біліктілік санаты бар және санаты жоқ адамдарға, сондай-ақ басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлеріне – 10%-ға;

медициналық мекемелердің басқа қызметкерлері үшін  – 15%-ға көтеріледі.

 Жоғары оқу орындарына оқуға түсу кезінде тапсырылған тестілеуге кімдер төлем төлемейді

Мынадай тәртіп енгізіледі, соған сәйкес:

«Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестрі» ақпарат жүйесінде тіркелген тұлғалар мен олардың балалары, сондай-ақ «Жастар дәптеріне» енгізілген жастар жоғары оқу орындарына оқуға қабылдауда өткізілетін тест сынақтарына қатысу үшін өндірілетін төлемінен босатылады.

Лицензиялаудың жаңа тәртібі енгізіледі

Қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыру үшін лицензияға ие болған занды немесе жеке тұлғалар үшін төмендегі Министрлер Кабинетiнiң қаулыларымен белгiленген талаптар мен шарттары күшіне енеді:

21.02.2022 жылдағы  "Арнайы электрондық жүйе арқылы  кейбір  қызмет түрлерін лицензиялау  тәртібі туралы бірыңғай ережені бекіту туралы" 80-санды;

22.02.2022 жылдағы «Арнайы электрондық жүйе арқылы рұқсат ету ерекшелігі бар кейбір құжаттарды беру тәртіп-қағидалары туралы бірыңғай ережені бекіту туралы» 86-санды.

Шетелде Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің өкілеттіктері ашылады

Ресей Федерациясының, Түркия Республикасының және Қазақстан Республикасының аумақтарында Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі жанындағы Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің өкілеттіктері ашылады.

Волонтерлерге арналған электронды платформа іске қосылады

Ол Өзбекстанның Жастар порталы  негізінде жаратылған және төмендегілерді жүзеге асыру мүмкіндігін береді:

волонтерлердің әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға, жобалар мен акцияларға қатысу мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне көмек көрсету кезеңін  көрсетіп бару;

волонтерлер тобына енген волонтерлерді есепке алу;

аймақтарда және қызмет бағыттарында волонтерлік көмекті тартуға мүдделі мемлекеттік органдардың тізімімен, сондай-ақ мемлекеттік органдарға волонтерлермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстармен танысу.

 Медицина қызметкерлеріне екпе жасалады

Тікелей қанмен жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері В гепатитіне қарсы тегін екпе алады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қосымша жеңілдіктер енгізіледі.

 “Ишга мархамат ” моноорталықтарда кәсіп-өнерге оқытылып жатқан мүгедектігі болған тұлғаларға мүгедектік бойынша зейнетақымен бір мезгілде Жұмыспен қамту мемлекеттік қорының қаржысы есебінен базалық мөлшердің 2 есесі көлемінде әр  ай сайын стипендия төлеп беріледі.

Ғалымдар Өзбекстанның халықаралық рейтингінмен шұғылданады

Халықаралық рейтингтері мен индекстері бар ғылыми ұйымдар Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.