Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 7 мартында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков пен Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің Бас директоры Патриция Данци арасында келіссөздер жүргізілді.

    Кездесу барысында Швейцария мен Орталық Азия елдері арасында 2022-2025 жылдарға арналған жаңа ынтымақтастық бағдарламасы аясында қолданыстағы екі жақты қаржылық-техникалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ оны кеңейту болашағы талқыланды.

    Делегация басшысы Өзбекстанның салыстырмалы түрде қысқа мерзімде халықаралық және аймақтық қатынастарды дамытуда, тұрақты дамуды қамтамасыз етуде қол жеткізген оң нәтижелеріне жоғары баға берді.

    Орталық Азия елдерімен бірлесіп 2022-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы аясында Агенттік тарапынан 240 миллион доллар бөлінетіні жарияланды. Тараптар ынтымақтастықтың үстем бағыттарын талқылап, жаңа ынтымақтастықтың бағдарламасы аясындағы дамудың ең болашағы зор жобалары қарастырылды.

    Сондай-ақ кәсіптік-техникалық білім және Заравшан өзені хауызында су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру бағыттары бойынша жалпы құны 31,7 миллион ​​доллар болатын 2 жобаны іске асыруды жеделдету туралы біріккен іс-шараларды қабылдауға келісілді.

    Шара соңында үстем бағыттарда қаржылық-техникалық ынтымақтастықты тереңдету бойынша келесі шараларға келісіп алды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.