Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Зулайхо Махкамова және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Күн тәртібінде сындарлы саяси диалогты одан әрі дамыту, өңірлік және халықаралық ұйымдар аясында өзара қолдау көрсету, екі елдің жетекші компаниялары және банк мекемелерінің қатысуымен инвестициялық жобаларға көмек көрсету, мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту мәселелері орын алған.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Сингапур басшысының шақыруымен биылғы жылдың қаңтар айында мемлекеттік сапармен осы елге барған еді.