Сингапур Президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келеді

    Билік 23 May 2023 4987

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб 23-25 мамырда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді.

    Сингапур басшысының сапары бағдарламасында жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған.

    Саммиттің күн тәртібінде сындарлы саяси диалогты одан әрі дамыту, өңірлік және халықаралық ұйымдар аясында өзара қолдау көрсету, екі елдің жетекші компаниялары мен банк институттарының қатысуымен инвестициялық жобаларға көмек көрсету, мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту мәселелері орын алған.

    Президент Халима Якоб сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы, Өзбекстан діни конфессиялар жетекшілерімен кездеседі, іскер топтар бизнес-форумының ашылуына және бірлескен білім беру қызметінің тұсаукесеріне қатысады.

    Сонымен қатар, Сингапур Президенті Самарқанд қаласына барып, Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан көне орталықтың бай мәдени, тарихи және өркениеттік мұрасымен танысады.

    Айта кетейік, Президент Халима Якоб Өзбекстанға жауап сапарымен келеді. Осы жылдың қаңтар айында Өзбекстан басшысы Сингапурға мемлекеттік сапармен барған еді.

    Биылғы жылдың басынан бері өзара сауда 6 есеге өсті. Сингапур Өзбекстанның ірі инвесторларының бірі. Бүгінде көлік, энергетика, химия және тоқыма өнеркәсібі, қала құрылысы, білім беру және басқа да салаларда жалпы құны 3,8 миллиард долларды құрайтын жобалар жүзеге асырылуда. Парламентаралық алмасулар мен мәдени-гуманитарлық байланыстар белсенді дамып келеді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates