Гүлістан ауданының, Ахиллик махалласында жасайтын 1976 жылы туған Акромжон Маматқұловқа өткір бүйрек жетіспеушілігі нақтамасы қойылып, Гүлістан медициналық кластердің нефрология және гемодиализ бөліміне жолдама берілді. Алайда бірте-бірте гемодиализ емдері өз нәтижесін берді.
Оның 1974 жылы туған әпкесі Гулбахор Мухтарова інісі Акромжонға бір бүйрегін беруге шешім қабылдады. Белгілі бір тексеруден кейін, дәрігерлердің қорытындысынан кейін, бүйрек трансплантациясына байланысты жоғары технологиялық хирургиялық операция жасалды. Бұл туралы Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ота Гүлістан медициналық кластерінде жасалып, В.Вахидов атындағы республикалық мамандандырылған хирургиялық ғылыми-практикалық медицина орталығының хирургтары мен сырдариялық хирургтардың қатысуымен жасалған.
Қазірде, әпкесі мен Акромжонның денсаулығы әлдеқайда жақсы. Олар үйінде, балаларының алдында, дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдауда.
- Шынымды айтсам, күн өткен сайын бауырымның қиналғанын көрген соң, көзге ұйқы да келмейді, тамағыңнан бір жұтым су да өтпейді — дейді Гулбахар Мухтарова. – Көп ойланбадым, інім, оның гүлдей балаларын көріп, бір бүйрегімді беруге бел будым. Көріп тұрғандай інім, аман-сау. Әпке үшін бауырының саулығы бәрінен де маңызды. Бұл үшін дәрігерлерге рахмет. Солардың көмегінің арқасында ағам екеуміз де сау қалдық.
Ең бастысы, шығындарды Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры өтеген.