Сырдарияда жаңа кәсіпорындар іске қосылды

    Билік 7 Aprel 2023 6361

    Президент Шавкат Мирзиёев Гүлістан қаласындағы «Амон мед ферма» кәсіпорнына барды.

    Мұнда негізінен жергілікті дәрілік өсімдіктер мен шикізаттан жылына 2 миллион 400 мың қаптама фармацевтикалық өнім шығарылады.

    Кәсіпорында дайындалған антибиотик, таблетка, ампулалы және инфузиялық препараттар ауруханалар мен дәріханаларға жеткізіледі. Сондай-ақ өнімнің бір бөлігін көршілес елдерге экспорттау жоспарланған.

    Кәсіпорында мыңға жуық азамат еңбек етеді.

    Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмыс барысымен және алдағы жоспарларымен танысты.

    Бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестік медициналық кластер түрінде дамып келеді. Оның жанынан емхана, мектеп, университет салынып жатыр.

    Президент кәсіпорында дайындалатын дәрі-дәрмек түрлерін көбейтіп, экспорттауда көмек беру бойынша тапсырма берді.

    Сырдария ауданында өндірілген фармацевтикалық өнімдер де көрмеге қойылды.

    Осы жерде өңірдегі 6 жаңа кәсіпорынның іске қосылу салтанаты өтті. Олар Сырдария ауданындағы «Ривер Мед фарма», «Евразия газ бетон», «Модерн Марбел», «Пенг Шенг Чарм», Сайхунабат ауданындағы «Ташкент сити голд блок» және Янгиер қаласындағы «Интер Трейдинг груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Олардың жетекшілері бейнебайланыс арқылы кешендердің мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

    Жоғарыда аталған, «Ривер Мед фарма» кәсіпорны жылына 42 миллион дана инфузиялық дәрілік өнім шығарып, 250 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

    «Еуразия газ бетон» құрылыс саласына маманданған. Онда Нидерланды технологиясы негізінде 450 мың текше метр газобетон өндіріледі, 100 жұмыс орны ашылады.

    «Модерн Марбел» жылына 800 мың шаршы метр мәрмәр өндіреді.

    «Пенг Шенг Чарм» жылына 1500 шаршы метр табиғи былғары мен 468 тонна желатин шығаруға қауқарлы. Олардың басым бөлігін экспортқа шығару жоспарланған.

    «Ташкент сити голд блок» және «Интер Трейдинг груп» жобалары 100 пайыз тікелей шетелдік инвестициямен жүзеге асырылды. Алғашқысында жылына 300 мың текше метр газоблоктар шығарса, екінші кәсіпорын 45 мың тонна ұн шығаруға қауқарлы.

    Жалпы, бұл кәсіпорындарда 600-ге жуық жұмыс орны ашылады, олардың қызметінің арқасында облыс өніміне 37 миллиард сум қосылса, оның экспортына 30 миллион долларға жуық қаржы қосылмақ.

    Президент Шавкат Мирзиёев символикалық түймені басып, жаңа кәсіпорындарды іске қосты.

    Мемлекет басшысы осында БАҚ өкілдерімен сұхбаттасты.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates