Оқу курсы Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ ұйымының көмегімен біріншілікті медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде жұмыс істейтін медбикелердің ісін жетілдіру және дамыту мақсатында сырдариялық бас медбике мен медбикелер үшін медбикелік ісінің “Әмбебап прогрессивті моделін” іс жүзіне енгізу, сондай-ақ 2021 жылғы 1 июньнен сынақ тәжірибе жобасы аясында Сырдарияға енгізіліп жатқан мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты істер, оны практикаға енгізу механизмдері, сондай-ақ тұрғындардың салауатты тамақтануын қамтамасыз етуде іске асырылуы қажет болған істер туралы болады.
Оқу курсын Ташкент дәрігерлердің білімдерін жетілдіру институтының білікті оқытушылары, сондай-ақ жуырда медбикелік ісінің жаңа моделі бойынша Ташкентте бір айлық білім жетілдіру курсын бітіріп келген, Сырдария облысы денсаулық сақтау басқармасының үш қызметкері, яғни жергілікті тренерлер жүргізуде.
Аталмыш оқу курсына қалалық және аудандық медициналық бірлестіктерінде жұмыс жүргізіп жатқан 25 орта медицина қызметкерлерінен тренерлер таңдап алынды. Олар оқу курсы барысында медбикелік ісінің жаңа “Әмбебап прогрессивті моделі” бойынша өз білімі мен тәжірибелерін арттырады. Аталмыш оқу курсын бітірген соң өздері жұмыс істеп жатқан қала немесе аудандық медициналық бірлестіктерде бір айлық оқу курсын ұйымдастырып, медициналық бірлестіктерде жұмыс істеп жатқан медбикелерге медбикелік ісінің жаңа моделі бойынша түсінік береді. Оны іс жүзіне енгізу механизмдерін үйретеді.
Бір сөзбен айтқанда, Сырдарияда жаңадан, тәжірибе сынақ түрінде енгізілген мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі сынды біріншілікті жүйеде ана және балалармен жұмыс істеу бойынша, медициналық қызметтің жаңа түрі, медбикелердің “Әмбебап прогрессивті моделі” бойынша істеу тәртібі Сырдарияда жолға қойылады, деп хабарлайды Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сырдариялық медбикелер жаңа — “ Әмбебап прогрессивті модель бойынша” оқытылады
Сырдариядағы медбикелер үшін бір айлық оқу курсы ұйымдастырылды.
Демалыс күндері еліміздің кейбір өңірлерінде жаңбыр мен тұман түсуі мүмкін
- Тбилисидегі тұрғын үй ғимаратында болған жарылыс салдарынан алты адам қаза тапты
- Оңтүстік Кореяда жастардың некеге тұру үшін қаржының жетіспеушілігі кедергі келтіруде
- Өзбекстан БҰҰ-ның Электрондық үкімет рейтингінде 32-орынға көтерілді
- Өзбек тіліндегі 6 миллиардқа жуық сөзді қамтитын ірі деректер корпусы ашық жарияланды
- Өзбекстан Президенті Халықаралық дзюдо федерациясының басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы шетелде жұмыс істейтін азаматтарды қолдау мен еңбек көші-қонын реттеуді тапсырды
- Ғалымдар Жерді салқындату үшін ғарышқа Күн сәулесінен қорғайтын қалқан орналастыруды ұсынып отыр
- Өзбекстан Президенті Орталық Азия елдері басшыларының Ақаба процесі аясындағы кездесуіне қатысты
- Өзбекстанда жолдарда мобильді радарлардың бар екенін арнайы белгілермен көрсету талабы жойылды
- Президент Бұхара қаласындағы Қосмедресе ансамбліне барды
- Президент «Intil» халықаралық тіл және кәсіптік оқыту орталығының жұмысымен танысты