Спорттың академиялық ескек есу түрі бойынша Италияны Вареза қаласында өткізілген Халықаралық Регата жарысында Сырдария облысының спортшылары Кочкаров Отабек пен Бөрібаева Феруза (Сайхунабад ауданының спортшылары) екі адамдық ескек есу бағытында 8,45,39 уақыт көрсеткішімен күміс медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, беделді спорт жарысына 30-дан астам елдің спортшылары Токио Олимпиадасының жолдамалары үшін белдесті. Бұл жарыстың рейтингі нәтижелері осы айдың соңында белгілі болады.

Академиялық ескек есу бойынша Сырдария облыстық  құрама командасының жаттықтырушылары Ф.Хамракулов пен Б.Атамуродовтың айтуынша, біздің спортшылар Кочкаров Отабек пен Бурибаева Феруза Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алуы ықтимал жоғары, деп хабарлайды Сырдария облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Жарыстың соңғы нәтижелерін Халықаралық Олимпиада комитеті Өзбекстанның Єлттық Олимпиада комитетіне үстіміздегі жылдың 26 ​​июньға дейін ұсынады.