Словакиямен парламентаралық ынтымақтастық нығаяды

    Үстіміздегі жылдың 17 апрелінде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Словакия Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы Борис Коллар басшылығындағы парламент делегациясымен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен болашағы, атап айтқанда, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

    Диалог барысында атап өтілгендей, дәл қазір екі елдің де өзара ынтымақтастықтың барлық бағыттарын, соның ішінде сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға әлеуеті жеткілікті.

    Сенат Төрайымы Т.Нарбаева парламентаралық байланыстарды дәйекті түрде дамыту Өзбекстан-Словакия қарым-қатынастарын кеңейтуге, жалпы алғанда, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге қызмет етуін, парламент мүшелерінің өзара сапарларын жүзеге асыру, заң шығару, парламенттік бақылау және тағы басқа бағыттарда тәжірибе алмасу қажет екенін атап өтті.

    Мұнда Словакия парламентімен байланыстарды барлық деңгейде жүйелі және тиімді жолға қою маңыздылығына назар аударып, өзара диалогтың тағы бір маңызды механизмі – парламентаралық достық топтары институтының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзара ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.

    Өз кезегінде, Б.Коллар шынайы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Өзбекстанның қысқа мерзімде прогрессивті демократиялық реформаларға қол жеткізгенін және бұл әлемге ашылғаны, әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты және берік орнын алғанын қуанышпен атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі конституциялық реформалар үдерісінде Өзбекстан парламенті өкілеттіктерінің одан әрі күшейтілгенін құптады.

    Словакия Өзбекстанмен сауда-экономикалық бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін және парламентаралық диалогтың әлеуетін пайдалану қажеттігін айрықша атап өтті.

    Сондай-ақ, сұхбат барысында парламенттердің тиісті комитеттері арасында сауда, экономика, инвестиция, инновациялар, банк-қаржы, туризм, мәдени-гуманитарлық және тағы басқа да салаларда өзара тұрақты байланыстарды жолға қою туралы да пікір алмасылды.

    Кездесу соңында парламенттік қызмет саласында тәжірибе алмасу, тиісті комитеттер мен достық топтардың жетекшілері деңгейінде парламентаралық байланыстарды жандандыруға келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates