Мемлекет басшыс денсаулық сақтау жүйесіне қатысты кеңес өткізді

    Билік 9 Noyabr 2021 5138

    9 қарашада Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және емдеу жүйесін жетілдіру шараларына арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

    Өзбекстанның жаңа даму стратегиясында басты өлшем ретінде белгіленген «Адамның қадір-қасиеті үшін» принципі әрбір азаматқа лайықты өмір сүру жағдайларын және заманауи инфрақұрылымды құруды көздейді. Соның бірі – білікті медициналық көмек алу.

    Шавкат Мирзияев сайлауалды жиындарда осы саладағы жоспарлар туралы айтып, қазірде оны жүзеге асыру жұмыстары басталды. Бүгінгі кездесуде медицинаның бастапқы буынын дамыту, жиі кездесетін және өлімге әкелетін ауруларды ерте анықтау, мақсатты скринингтік іс-шараларға назар аударылды.

    - Халықтың денсаулығы – біздің баға жетпес байлығымыз. Сондықтан біз медицинаны халқымыздың көңілінен шығатын жүйеге айналдыру жөнінде үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Ол үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бөлінетін қаржыны екі есе ұлғайту арқылы халық арасында аурудың таралуын азайту үшін арнайы бағдарлама қабылдаймыз, - деді Мемлекет басшысы.

    Сараптамаға сәйкес, 30-70 жас аралығындағы тұрғындар арасында өлімінің 53 пайызы жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты екен. Соңғы бес жылда мұндай аурулар, оның ішінде жастар арасында 20 пайызға өскен. Жалпы алғанда, жүрек-қан тамырлары аурулары 4 миллионға жуық адамның арасында анықталған болып, бұл жалпы халықтың 12 пайызын құрайды.

    Сондықтан жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, ерте анықтау және тиімді емдеудің жаңа жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды. Оған байланысты, келесі жылдан бастап 40 жастан асқан барлық азаматтар отбасылық емханалар мен дәрігерлік бригадалар арқылы жылына бір реттен кем емес скринингтік тексеруден өтеді, аудандық зертханалар коагулометрлермен және қажетті реагенттермен қамтамасыз етіліп, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандардың бірыңғай электронды тізілімі жүргізіледі және мұқтаж тұрғындарға дәрі-дәрмек тегін таратылады.

    Осы мақсаттарға келесі жылы әр ауданға 350 млн сумнан, жалпы 70 млрд сум бөлу жоспарлануда. Жалпы, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарға 580 млдр сум бөлінуі көзделген. Бұл биылғы жылғы шығыннан 3 есе көп.

    2022 жылдың 1 шілдесіне дейін аудандық, облыстық және республикалық деңгейде емделетін аурулардың тізімі жасалып, соның негізінде жоспарлы емдеуді іске қосу қарастырылған. Осы мақсатта аудандық ауруханалар 4 түрлі кардиологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде көрсетілетін қызмет түрлері 5-тен 15-ке дейін артады.

    Жиында Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының қызметі де сынға алынды. Онда профилактикалық кардиология, радиология сынды бағыттар бойынша жаңа зертханалар ашуды, шетелдің жетекші клиникаларында дәрігерлердің біліктілігін арттыруды тапсырды. Бұл орталықты көп салалы түрге айналдыру міндеті қойылды.

    Жүрек-қантамыр ауруларының негізгі себептерінің бірі дұрыс емес өмір салтын ұстануына байланысты екендігіне орай Мемлекет басшысы мұның пайдасын насихаттаудың, дұрыс тамақтану мен дене шынықтыруды қалыпты өмір салтына айналдырудың маңыздылығына тоқталып, осы мақсатта «Салауатты өмір салты» платформасының пайдаланушылар санын арттыру және Қаржы министрлігіне келесі жылы осы жүйеге 60 миллиард сум бөлу тапсырды.

    Бүгінде ол платформаны пайдаланушылар саны 600 мыңға жетіп, оларға 18 млрд сум ақша төленген.

    Бейне байланысты жиын барысында өскелең ұрпақпен жұмыс жасау үшін әрбір ауданда әкім көмекшісі – жастар жетекшісі қызметін енгізу жоспарлануда. Олар жастардың мәселелерін шешу, кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастырумен айналысады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates