Президент «Эверест» шыңын бағындырған Сергей Денисенконы марапаттады

    Іс-шаралар 9 Iyun 2021 1281

    Өзбекстан Президенті 1 маусымда 8848 метр биіктікте әлемнің ең биік шыңы - Эверестті (Джомолунгма) бағындырған өзбекстандық алпинист Сергей Денисенконы «Ўзбекистон ифтихори» («Өзбекстан мақтанышы») құрметті атағымен марапаттады.

    Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшыға «Trailblazer» автокөлігі сыйға тартылған.

    Алпинист Сергей Денисенко украиналық топпен бірге 1 маусымда әлемнің ең биік шыңы 8848 метр биіктіктегі - Эверестке (Джомолунгма) көтеріліп, ол осы бағындыруын Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған болатын.

    Сергей Непал мемлекеті жағынан көтерілген алғашқы өзбек альпинисті болды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates