Ресей Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

    Билік 27 May 2024 1518

    27 мамыр күні «Куксарай» резиденциясында Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді қарсы алу рәсімі өтті.

    Резиденция алдындағы алаңда екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жоғары мәртебелі мейманды шынайы қарсы алып, мінберге шақырды. Мемлекеттік гимндер шырқалды. Әскери оркестрдің әуенімен басшылар құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін құттықтады.

    Бірге суретке түскеннен кейін Мемлекет басшыларының шағын құрамдағы келіссөздері басталды.