Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалуы, ең алдымен, өзара тауар айналымын арттыру, өнеркәсіп, көлік, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы маңызды кооперациялық жобаларды жедел жүзеге асыру шаралары талқыланды.

Өңіраралық белсенді байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуларды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Президенттер аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты.