Өзбекстанда спорт халықтың денсаулығын нығайту және дені сау ұрпақ өсірудің маңызды факторы ретінде кеңінен дамып келеді. Ол үшін стадиондар, жаттығу залдары, «воркаут» алаңдары, жүгіру жолақтары, спорт мектептері мен кешендерден тұратын үлкен инфрақұрылым бар.
Махалладағы салауатты орта, облыстық жарыстар, «Бес бастама олимпиадасының» әсерінен спорт сүйер қауымның қатары артып келеді. Бұл ретте жастар арасынан дарындылар іріктеліп, білікті кәсіби спортшылар дайындалуда.
«Өзбекстан – 2030» стратегиясын «Жастар және кәсіпкерлікті қолдау жылында» жүзеге асырудың мемлекеттік бағдарламасында да бұл бағыттағы көптеген міндеттер көрсетілген. Оған сәйкес жалпы білім беру мекемелері бастапқы спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Махалладағы стадиондар мен басқа да спорт алаңдарын пайдалану уақыты ұзартылды. 10 миллион халықты бұқаралық спортқа тарту мақсатында жергілікті жерлерде футбол, волейбол, стол теннисі, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, күрес сияқты спорт түрлерінен бес кезеңнен тұратын жарыстар өткізілуде.
Өңірлерде спортпен айналысуға жағдайды кеңейту, іріктеу үдерістерін цифрландыру, озық тәжірибені игеру жұмыстары да айтылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысына ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
Бұл беделді жарыс 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде өтетіні белгілі. Оған 206 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады.
Өзбекстаннан 19 спорт түрінен жалпы 90 спортшы қатысады. Дәстүрлі спорт түрлерінен бөлек, биыл алғаш рет футбол, суға секіру, садақ ату, әйелдер күресі бойынша жолдама алынған. Сондай-ақ, биылғы Олимпиадаға қатысатындардың 36 пайызы қыз-келіншектер.
Осы мәртебелі жарысқа құрама командаларымыз жоғары дайындық көрді. Әрбір спортшы үшін жеке стратегия қабылданып, олардың іріктеу жарыстарына, жергілікті және шетелдік оқу-жаттығу жиындарына қатысуы қамтамасыз етілді. 15 олимпиада және паралимпиада орталықтары мен облыстардағы спорт базаларында жаттығу үшін қажетті жағдай жасалды. Сондай-ақ, спортшылар жүйелі түрде тереңдетілген медициналық тексеруден өтіп, медициналық-биологиялық қамтамасыз ету және фармакология салаларында жүйелі шаралар жүргізілді.
Мемлекет басшысы спортшыларымызға Олимпиада ойындарында сәттілік тіледі. Шенеуніктерге дарынды жастарды іріктеу және қолдау, ұлттық құрамалар үшін сапалы резервті қалыптастыру тапсырылды.