Кеше жарыстың келесі күні әйелдер арасындағы жарыстар өтіп, бүгін финалдық блокта медаль үшін кілемге шығатын жұптардың есімдері белгілі болды.
Бір қуанарлығы, олардың қатарында жерлесіміз Светлана Окназарова да бар. 72 келі салмақта еліміздің намысын қорғаған палуан қызымыз бірінші айналымда польшалық Патрисия Сперканы 7:0 есебімен ұтты. Өкінішке қарай, ширек финалда қазақстандық қарсыласынан жеңіліп қалды. Жәмила Бақбергенова финалға шыққандықтан, Окназарова қола жүлде үшін күресу құқығына ие болды. Оның қарсыласы румындық Александра Анхель болмақ.
Тағы бір балуан қызымыз Лайлохан Собирова да 1/4 финалға шықты. Оны осы кезеңде жеңген моңғолиялық Даваачимэг Ерхембайар ғана финалға өте алмады. Нәтижесінде 57 келі салмақтағы Собирова әлем чемпионатын 1/4 финалда аяқтады.
Еске салайық, ол бірінші айналымда мексикалық Алма Эскотоны жеңген болатын.