Екі науқас баланы ұрып-соққан әйелге сот үкім шығарды

    Сотта баланың заңды өкілі саналған әжесі келінін аналық құқығынан айырып, немересін өзіне алып беруін сұраған.

    Үстіміздегі жылдың 16 июні күні әлеуметтік желілерде Самарқант облысының Пайарық ауданында әйел өзінің 2 жасар науқас баласын аяусыз ұрып-соғып жатқаны түсірілген бейнетаспа әлеуметтік желіде тарап, жұртшылық арасында қызу талқыға түскен болатын.

    Кейін бұл жағдай бақылауға алынып, әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-пункті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Қылмыстық істер бойынша Пайарық аудандық сотында аталған қылмыстық іс бойынша сот үкімі оқылды.

    Осыған байланысты, баласын азаптаған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралып, сотталушы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысында әйел өз ісіне өкінетінін айтып, баласының денсаулығына қатысты мәселелерді айтты.

    «Мойын ұстай алмайды, отыра алмайды, тамақ ішпейді», дейді әйел баласы туралы. Сондай-ақ, сотта баланың заңды өкілі болып табылатын әжесі келінін аналық құқығынан айырып, немересін өзіне алып беруді сұраған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиғаны Пайарық ауданы Бошқорған махалласында тұратын,1988 жылы туылған, психикалық денсаулығы жақсы, кейеуімен бірге тұрып жатқан әйел 2020 жылы туған баласын емдетуге емханаға алып барған, күйзеліске ұшыраған кезде осы қылмысты жасағаны анықталған.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates