Өңірлердің диқандары жыл сайын ауылшаруашылық өнімдерін алғашқылардан болып өндіріп, еліміздің базарына жеткізіп береді.
Климаты мен топырақ жағдайы егін өсіруге қолайлы болғандықтан сұрхандариялық диқандар көкөніс өнімдерін тұтынушыларға жеткізіп беруді бастады.
Атап айтқанда, Ангор ауданы Жоғары Таллимарон махалласында бағдаршылықпен шұғылданушы, шетелдік инвесторлар тарапынан ұйымдастырылған “Қадир шахб” ЖШҚ-ның алқаптарына ерте көктемде егілген «Дакара» сұрыпты қауынының алғашқы өнімі пісті.
Қазіргі уақытта піскен қауындарды халықтың тұтынуы үшін жергілікті базарларға шығарып, шет елдерге экспорттау жұмыстары басталып кетті.