Бұл туралы Президент Администрациясының басшысы Саида Мирзияева мәлімдеді.
«Жаңа технологиялар, каналдарды бетондау, цифрлық басқару және суды үнемдеуге бағытталған жобалар жөнінде пікір алмастық.
Су – еліміздегі ең басты стратегиялық ресурстардың бірі. Сондықтан да диалогта суды мақсатты бөлу, шағын су электр станцияларын салу, ауыл шаруашылығы жобалары бойынша инновациялық бастамалар ұсынылды.
Бұл ұсыныстар мен идеялар халықтың тұрмыстық қажеттіліктерін шешуге, фермерлер мен диқан шаруашылықтарын қолдап-қуаттауға қызмет етеді», - деді Саида Мирзияева өзінің Telegram парақшасында.





