Кәсіпкерлікті дамыту – Өзбекстанның экономикалық саясатының басым бағыты. Бизнес жағдайлары тұрақты түрде жақсаруда. Жастар мен кәсіпкерлікті қолдау жылында кәсіпкерлерге көп жағдай жасалмақ. Бұл 5 миллион адамды жұмыспен қамтуда өте маңызды рөл атқарады. Осы мақсаттарға 83 триллион сум және 275 миллион доллар несие мен субсидия бөлу жоспарланған.
Рейтингтің енгізілуі кәсіпкерлердің қызметіне ерекше ынталандыру болмақ. Мұның маңыздылығы Мемлекет басшысының кәсіпкерлермен ашық диалогында айтылды. Осыдан кейін бұл рейтингтің критерийлері мен қағидалары әзірленді.
Оған сәйкес, кәсіпкерлер қызмет мерзімі, табыстылық деңгейі, төлем тәртібі, халықты жұмыспен қамтудағы орны және жалақысы сияқты 23 критерий бойынша 4 санатқа бөлінген. Ол салық, әділет және сот органдарының мәліметтері негізінде қалыптастырылады. Әрбір кәсіпкер нақты уақыт режимінде өз орны мен бағасын біле алады.
Жоғары лауазымды кәсіпкерлер үшін барлық салықтық тексерулер жойылып, қосылған құн салығының сомасы бір күнде қайтарылады, ал салықтың басқа түрлері бойынша артық төлем үш күнде қайтарылады. Тауарларды әкелу және өткізу кезінде кеден және салық органдарында қосылған құн салығын өзара есептеуге болады. Аукционда алынған мемлекет активтері мен жер учаскелерінің құнын төлеу мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылады. Бұл ретте 15 пайыздан кем емес бастапқы төлем бірден төленген кезде, қалған сома бойынша жылдық пайыз мөлшері есептелмейді.
Мұндай рейтинг маңызды, себебі қазір электронды жүйе салық жинаушылардың емес, кәсіпкерлердің қызметін бағалайды. Алдағы уақытта рейтинг бойынша субсидия, жеңілдік пен преференциялар берілетін болады. Рейтингі төмен тәртіпті кәсіпкерлер қатарына қосылуға және көбірек мүмкіндік алуға ұмтылады.
Екінші жағынан, бұл рейтинг кәсіпкерлерге серіктестері туралы сенімді ақпарат беретін қорғау жүйесіне айналады. Яғни, күмәнді келісім-шарттар мен жосықсыз бәсекеге нүкте қойылып, «жасырын» экономика қысқарады.
Мемлекет басшысы бұл жүйені мұқият дамытып, оны әділ де тиімді жүзеге асыру қажеттігін баса айтты.
– Кәсіпкерлердің ұсыныстары негізінде біз бизнес үшін жағдайды барынша жақсартып жатырмыз. Соңғы шешімдермен біз 16 лицензия мен 34 есеп түрін жойдық. Кәсіпкерлік тап қоғамдағы жетекші күшке айналып, жастар соларға қарап бой түзейді. Енді осы рейтинг арқылы кәсіпкерлер арасында заңға бағынатын, тәртіпті, белсенділікті ынталандыру қажет. Мұны жүзеге асыруда және оның тиімділігін қамтамасыз етуде Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің рөлі зор болуы керек, – деді Шавкат Мирзиёев.
Презентацияда 1 наурызға дейін «Кәсіпкерлердің тұрақты даму рейтингі» платформасы іске қосылатыны белгілі болды. Сауда-өнеркәсіп палатасы рейтинг нұсқаларын түсіндіру үшін жергілікті жерде кездесулер өткізеді. Субсидия, жеңілдік пен преференцияларды бөлудің ашық жүйесі құрылады.
Рейтингі төмен кәсіпкерлермен жұмыс жасап, олардың қызметін жандандырып, қалпына келтіруге көмектесудің маңыздылығы айтылды.











